Кездесу Ресей Үкіметінің Үйлестіру орталығында өтті.

Екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы үшінші өңіраралық ынтымақтастық форумының табысты ұйымдастырылып, өткенін, оның соңында екі елдің өңірлері арасында 3,5 миллиард доллардың құжаттарына қол қойылғанын құптады.

Сауда айырбастау қарқынын сақтап, кооперациялық байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылды. Өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету бойынша жұмысты тиімді үйлестіру үшін бірлескен Жұмыс тобы құрылдған.

Өзбекстанда цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру және электронды сауданы енгізу бойынша жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Екі ел өңірлерінің практикалық әріптестігін одан әрі дамытып, оны нақты жобалармен байытуға мүмкіндіктер мол екені айтылды.

Қала құрылысы және тұрғын үй қорын жаңарту салаларында тәжірибе алмасуды жолға қоюға келісілді.

Келіссөздер соңында Мемлекет басшысы Ресей Үкіметінің төрағасын Өзбекстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Кездесуден кейін Өзбекстан делегациясы Ресей Үкіметінің Үйлестіру орталығымен танысты. Михаил Мишустин Мемлекет басшысына атқарушы билік органдарының жедел әрі үйлесімді іс-әрекетін қамтамасыз ету мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін кеңсенің қызметі туралы жан-жақты ақпарат берді.