Кездесуде, екі елдің өңірлері деңгейінде практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

Өзара сауданы ұлғайту үшін заманауи сауда-логистикалық инфрақұрылымды құруға, жетекші кәсіпорындардың өндірістік кооперация жобаларын қолдауға және ілгерілетуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қала құрылысы салаларындағы әріптестікті тереңдетуге ерекше назар аударылды.

Белсенді мәдени-гуманитарлық алмасуларды жалғастыру қолдау тапты.

Өзбекстан облыстарының Санкт-Петербург қаласымен өзара тиімді ынтымақтастығы бойынша «жол картасын» дайындау және қабылдауға келісілді.