Шавкат Мирзиёев Сауд Арабиясы СІМ басшысын қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 15 сәуір күні Орталық Азия елдері және Парсы шығанағы араб мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі аясында Өзбекстанға келген Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі ханзада Файсал бен Фархан Әл Саудты қабылдады.

    Сауд Арабиясының сыртқы саяси кеңсесінің басшысы Өзбекстан басшысына Король Салман бен Абдулазиз Әл Сауд пен тақ мұрагер ханзада және Премьер-Министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Өзбекстан мен Сауд Арабиясы арасындағы көпжақты қарым-қатынастарды және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бөлігінде кең ауқымды серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

    Бүгінде түрлі деңгейдегі белсенді диалогтар мен делегациялардың өзара сапарлары жалғасуда. Өзара сауда көлемі, бірлескен кәсіпорындар мен әуе жолдарының саны артып келеді.

    «Жасыл» энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, IT және басқа да ынтымақтастықтың басым жобалары басталған.

    Алдағы іс-шараларға, оның ішінде 2025 жылы өтетін «Орталық Азия – Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің» екінші саммитіне тыңғылықты дайындыққа ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, аймақтық күн тәртібіндегі басқа да мәселелер, атап айтқанда, Ауғанстандағы жағдай және Палестина мәселесін бейбіт жолмен реттеу мәселелері бойынша пікір алмасылды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates