Кездесуде Өзбекстан-Саудияның көп қырлы ынтымақтастығын одан әрі кеңейту, ең алдымен Өзбекстан Президентінің осы жылдың тамыз айында Сауд Арабиясына сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Сұхбат басында Инвестициялар министрі Өзбекстан басшысына жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, Сауд Арабиясының Корольі Салман бен Абдулазиз Әл Саудтың және тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммад бен Салман Әл Саудтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, биылғы жылдың басынан бері өзара сауда көлемі 10 есеге жуық артты. Саудиялық инвестицияның қатысуымен Өзбекстанда 40 кәсіпорын құрылды.
Энергетика, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, банк ісі, телекоммуникация, медицина және туризм салаларында ірі жобалар жүзеге асырылуда. Сауд Арабиясының Даму Қорының қолдауымен денсаулық сақтау, білім беру және сумен қамтамасыз ету салаларында бірқатар әлеуметтік маңызды бағдарламалар жасалуда.
Бүгін Сауд Арабиясының 30-дан астам жетекші компанияларының қатысуымен өткен бизнес-форумның табысты нәтижелері жоғары бағаланды. «ACWA Power» компаниясымен Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында үш жел электр станциясын салу туралы инвестициялық келісімге қол қойылғаны шараның маңызды нәтижелерінің бірі болды.
Келіссөздер барысында Орталық Азия аймағындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды ілгерілету мәселелері де талқыланды.
Басталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жеделдету және Іскерлік кеңес аясындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру, оның ішінде жаңа жобаларды дайындауға келісілді.