Кездесуде Сауд Арабиясының компанияларымен пракикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Өзбекстанда «жасыл» энергетика саласындағы стратегиялық инвестор саналатын «ACWA Power» компаниясымен өзара тиімді әріптестік қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде тараптар жүзеге асырып жатқан бірлескен жобалар портфелі 15 миллиард АҚШ долларына жетті.
Өткен жылдың желтоқсан айында Бұхара облысында әрқайсысы 500 мегаватттық 2 жел электр станциясы ұлттық желіге қосылды. Сонымен қатар, Самарқанд облысында қуаттылығы 1 гигаватт болатын екі күн электр станциясы және Ташкент облысында энергия сақтау жүйелерін салу жобалары іске қосылды.
«Жасыл» энергетика, инфрақұрылым, фармацевтика, жылу және сумен қамту, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және өзге де басым бағыттардағы жобаларды жедел жүзеге асыру қажеттігі ерекше атап өтілді.
Осыған байланысты, биыл Самарқанд қаласында өтеді деп жоспарланған Үкіметаралық комиссия отырысы мен іскерлік форумға мұқият дайындалу керектігі айтылды.
Осымен, Президент Шавкат Мирзиёев Самарқанд саммиті мен климат форумындағы өз жұмысын аяқтап, Ташкент қаласына қайтып оралды.