Бас хатшы Мемлекет көшбасшысын табысты өткен сайлаумен және оның сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтады.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көпжақты ынтымақтастығын одан әрі дамыту және Ұйымның 2022-2023 жылдардағы Самарқанд және Дели саммиттерінде алға қойылған бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Экономика, инновациялар және жоғары технологиялар, көліктік өзара тәуелділік, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік, экология және «жасыл» технологиялар, туризм және мәдениет саласындағы, сондай-ақ ШЫҰ аясында қауіпсіздікті қаматамасыз етуде бірлескен бағдарламалар мен жобаларды ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді.
ШЫҰ-ны жаңғыртуға, Ұйым құрылымдарының қызметін жетілдіруге, сондай-ақ кең байтақ өңірімізде өзара сенім мен әріптестікті нығайтуға бағытталған шараларды қабылдауға ерекше назар аударылды.