Өзбекстан Президенті Татарстан басшысын қабылдады

    Билік 24 Aprel 2023 3274

    24 сәуірде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ресей Федерациясымен ауқымды аймақаралық ынтымақтастықты дамыту аясында Татарстан Республикасының төрағасы Рустам Миннихановты қабылдады.

    Кездесуде басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және мәдени-гуманитарлық алмасуды одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

    Кейінгі жылдары тиімді ынтымақтастықта жоғары нәтижелерге қол жеткізілгені атап өтілді. Өзара сауда мен инвестиция көлемі артып келеді. Ташкент облысында «Шыршық» химия-өндірістік технопаркі табысты жұмыс істеуде, ресейлік делегацияның сапары барысында жаңа жоба – Жызақ облысында технопарк құрылысы басталды.

    Сонымен қатар, мұнай-химия және машина жасау салаларында ірі кооперация жобалары жүзеге асырылуда. Қазан федералды университетінің Жызақ қаласындағы филиалының қызметі кеңейіп келеді.

    Кездесу барысында экономиканың түрлі салаларындағы бизнесмендер арасындағы әріптестікке қатысты перспективалық жобалар, республиканың басқа өңірлерінде де жаңа индустриалды парктерді ашу және жұмыс істеп тұрғандарын дамыту, инновациялық, шағын бизнес пен ақпараттық технологиялар салаларында және инженерлік желілерді жаңғырту бойынша ынтымақтастық бағдарламаларын қабылдау мәселелері талқыланды.

    Осы күндері Ташкент қаласында өтіп жатқан «INNOPROM. Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіп көрмесінің жұмысында Ресейлік іскер топтар делегациясының құрамында Татарстанның компаниялары мен кәсіпорындары белсенді түрде қатысып жатқаны атап өтілді.

    Кездесу соңында Мемлекет басшысы «Жол картасы» негізінде бірлескен бағдарламалар мен жобаларды ілгерілету бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates