Өзбекстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысын қабылдады

    Билік 24 Yanvar 2023 4089

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 24 қаңтарда Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы аясында Ташкентте болған Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубаничбек Омуралиевті қабылдады.

    Кездесу барысында Өзбекстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы аясындағы басым міндеттердің орындалу барысы қаралды.

    Бас хатшы Ұйымның дамуындағы жаңа дәуірді бастаған тарихи Самарқанд саммитінің нәтижелерін жоғары бағалады.

    Сауда және кедендік рәсімдерді жеңілдету, Инвестициялық қор құру туралы келісімдерге қол қойылды.

    Самарқанд «Түркі өркениетінің астанасы» болып жарияланды. Алғаш рет Әлішер Науаи атындағы сыйлық табыс етілді.

    Сонымен қатар Өзбекстан Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының толыққанды мүшесі болды.

    Өзбекстанның бастамасымен 2023 жыл «Түркі өркениетінің өрлеу жылы» болып жарияланғаны айтылды.

    Төрағалық кезеңдегі институционалдық реформаны жүзеге асыру, «жаңа экономикалық мүмкіндіктер кеңістігін құру», көлік саласындағы өзара тәуелділікті нығайту, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты күшейту сияқты басымдықтарға ерекше назар аударылды.

    Кездесу соңында Бас хатшы Ұйым аясындағы әріптестік әлеуетін жүзеге асыру мақсатында тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates