Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасы бойынша делегацияның Өзбекстанға сапарының мақсаты – «Togg» брендімен шығарылған тұңғыш ұлттық электр көлігін таныстыру және тапсыру.

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі қарқынын, барлық деңгейдегі өзара диалог пен алмасудың жанданғанын ерекше атап өтті.

Мысал ретінде тауар айналымының көлемі тұрақты түрде артып келе жатқаны, басым салаларда бірқатар ірі инвестициялық жобалар бірлесіп жүзеге асырылып жатқаны, елдеріміз арасындағы тұрақты әуе рейстерінің артқаны айтылды.

Түркияның жетекші компанияларын бірлескен, соның ішінде автомобиль өнеркәсібіндегі жобаларды жүзеге асыруға тарту арқылы өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға кең мүмкіндіктер бар екені атап өтілді.

Жоғары деңгейдегі Стратегиялық әріптестік кеңесінің кезекті отырысына мұқият дайындық көру, оның ішінде перспективалық жобалар портфелін қалыптастыру және ұзақ мерзімді индустриялық бағдарламаны қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында «Togg» электромобильінің тұсаукесері өтті. Министр Мустафа Варанк көліктің техникалық параметрлері туралы толық ақпарат беріп, кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Мемлекет басшысы ризашылығын білдіріп, Түркия Президенті мен халқын машина жасау саласында – электромобильдер шығаруда қол жеткізген зор табысымен құттықтады.

Мемлекет басшысы Түркияда шығарылған алғашқылардың бірі болған бұл электромобильге отырып, оны жүргізіп көрді.