Өткен жылғы жоғары деңгейдегі тарихи сапарлар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Түрлі деңгейдегі белсенді диалог пен алмасулар, Үкіметаралық комиссияның жақында өткен отырысының тиімді нәтижелері, сауда көрсеткіштерінің артуы және басым секторлардағы әріптестіктің кеңеюі ерекше атап өтілді.
«Шавот-Тошовуз» трансшекаралық сауда аймағын құру және энергетика, машина жасау, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы маңызды ынтымақтастық жобаларын ілгерілетуге маңызды көңіл бөлінді.
Өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, алдағы іс-шаралар жоспары қаралды.