Сұхбат басында министр Рашид Мередов Өзбекстан Президентіне Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түркімен халқының ұлттық жетекшісі, Халық Маслехатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің сәлемі мен тілектерін жеткізді.
Өзбекстан-Түркіменстан достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі дамыту мен нығайту жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Тауар айналымының жылдам өсіп келе жатқаны, 2024 жылы 1,1 миллиард доллардан асқаны атап өтілді. «Шовот-Тошовуз» шекаралық сауда аймағы бірлесіп құрылып жатыр. Өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және су ресурстарын пайдалану салаларында жақын және өзара пайдалы ынтымақтастық тұрақты түрде жалғасуда. Өңіраралық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасулар кеңейіп келеді.
Ташкент қаласында Гурбангулы Бердімұхамедовтің «Hakyda göwheri» («Даналық гауһары») атты жаңа кітабының өзбек тіліндегі нұсқасының таныстырылымы өткеніне орай Түркіменстан басшылығының атынан Өзбекстан басшысына ризашылық білдірілді.
Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы көпқырлы серіктестіктің жаңа ауқымды күн тәртібін қалыптастыру, алдағы жоғары деңгейдегі сапарлар, өңір мемлекеттері басшыларының Консультативті кездесуіне және «Орталық Азия плюс» форматы бойынша саммиттерге дайындыққа ерекше көңіл бөлінді.
Сондай-ақ, халықаралық саясат мәселелері бойынша пікір алмасылды.