Шавкат Мирзияев пен Гурбангулы Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлесті

    Билік 29 Dekabr 2022 5599

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 29 желтоқсанда Түркіменстан Ұлттық Кеңесі Халық Мәслехатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат басында Мемлекет басшысы Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке өзінің шынайы сәлемі мен ізгі тілегін жолдады.

    Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы достық, сенім, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.

    Түркіменстан Президентінің осы жылдың 14-15 шілдедегі Өзбекстанға мемлекеттік сапары және Өзбекстан Президентінің 20-21 қазандағы Түркіменстанға ресми сапары барысында, сондай-ақ көпжақты ұйымдар шеңберіндегі кездесулерде қол жеткізілген жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

    Барлық басым бағыттар бойынша ынтымақтастық белсендірек бола түскені атап өтілді. Сауда көлемі ұлғаюда, өнеркәсіп пен энергетикада кооперация жобалары жүзеге асырылуда, тиімді өңіраралық байланыстар дамып, мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламалары жүзеге асырылуда.

    Парламентаралық, оның ішінде Орталық Азия аймағындағы диалог жаңа деңгейге көтерілгені айтылды.

    Сұхбат соңында Өзбекстан Президенті мен Түркіменстан Ұлттық Кеңесі Халық Мәслехатының Төрағасы бірін-бірі келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтап, бауырлас халықтарымызға амандық, бейбітшілік пен гүлдену тіледі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates