Осы беделді халықаралық қаржы институтымен кең ауқымды ынтымақтастықты кеңейтудің практикалық мәселелері талқыланды.
Президент Өзбекстанға банктің инвестициялары 5 миллиард еуродан асқанын атап өтті. Бұл көрсеткіш бойынша Өзбекстан банк үшін өңірдегі ең ірі әріптес болып саналады.
ЕҚҚДБ-ның белсенді қатысуымен банк секторын жекешелендіру шаралары жүзеге асырылып, инвестиция мен жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде.
Мемлекет басшысы жобаларды әзірлеу сапасы мен тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Өзбекстан мен ЕҚҚДБ арасындағы ынтымақтастық стратегиясын іске асыру және оны одан әрі байыту маңызды екені айтылды. Энергия тиімділігі, шағын және орта бизнес, әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін қолдау, әлеуметтік сала мен инфрақұрылымда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмдерін енгізу, сондай-ақ «жасыл» қалаларды дамыту салаларында жаңа жобалар мен бағдарламаларды іске асыру басым бағыттар ретінде айқындалды.
Алдағы жылы Шетелдік инвесторлар кеңесінің келесі отырысын дайындау және өткізу мәселелері бойынша да пікір алмасты.