Кездесуде Өзбекстан мен осы беделді халықаралық қаржы институты арасындағы кең ауқымды әріптестікті одан әрі дамытуға қатысты нақты мәселелер жан-жақты талқыланды.
Өзбекстан мен ЕҚДБ арасындағы стратегиялық серіктестік жоғары деңгейге жеткені ерекше атап өтілді. Басым салалардағы бірлескен жобалар портфелі тұрақты түрде кеңейіп келеді. Банк тарапынан Өзбекстан экономикасына салынған жалпы инвестиция көлемі 5 миллиард еуродан асты, оның ішінде өткен жылы шамамен 1 миллиард еуро инвестицияланған. Бұл қаржының басым бөлігі жеке секторды қолдауға бағытталған.
Ел үшін әзірленген орта мерзімді Серіктестік стратегиясы сәтті жүзеге асырылуда. ЕҚДБ сарапшыларының қолдауымен банк секторын трансформациялау және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашу бағытында нақты қадамдар жасалып отыр.
Кездесуде жобалардың жүзеге асу сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша бірлескен жұмыстар өз нәтижесін беріп жатқаны айтылды. Жобаларды дайындау және іске асыру үдерісін жеделдету қажеттігі баса назарға алынды.
Шағын және орта бизнесті дамыту, әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін қолдау, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында білім беру, ауыз су, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу сынды маңызды салаларда ынтымақтастықты кеңейту мәселелері күн тәртібінен түскен жоқ.
«Жасыл» экономика, көмірқышқыл газы шығындарын азайту, цифрландыру мен жасанды интеллект, ипотека нарығы, көлік және коммуникацияларды дамыту – болашақтағы басым бағыттар ретінде айқындалды.
Сонымен қатар, биыл маусым айында өтетін Ташкент халықаралық инвестициялық форумы мен Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысына дайындық мәселелері де талқыланды.