Шавкат Мирзияев Франция Ұлттық жиналысының Төрағасымен кездесті

    Билік 22 Noyabr 2022 4704

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 22 қарашада Париждегі Бурбон сарайында Франция Ұлттық жиналысының Төрағасы Яэль Браун-Пивемен кездесті.

    Парламенттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, қоғамдық-саяси өмірді одан әрі демократияландыру реформаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

    Франция Ұлттық жиналысының жетекшісі Өзбекстандағы кең ауқымды демократиялық реформалардың, соның ішінде парламентаризмнің дамуы, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, гендерлік теңдікті ілгерілету жолындағы жұмыстарды жоғары бағалады.

    Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету аспектілеріне ерекше назар аударылды. Өзбекстанның бұл орайда зор табыстарға қол жеткізгені, республикада әйелдердің заң шығарушы және атқарушы билік органдарында, кәсіпкерлік пен әлеуметтік салада лайықты орын алып отырғаны атап өтілді.

    2022 жылдың қыркүйегінде Өзбекстанда тұңғыш рет әлем парламенттерінің көшбасшы әйелдерінің 14-ші саммиті өтті. Көшбасшы әйелдердің рөлін арттыру туралы Ташкент декларациясы қабылданды.

    Кездесуде өлім жазасын алып тастау, адам құқықтарының кепілдіктерін күшейту, экологиялық мәселелерді шешуге қатысты нормаларды нығайту және басқа да маңызды ережелерге бағытталған конституциялық реформаны жүзеге асырудың негізгі тәсілдері талқыланды.

    Парламентаралық достық тобының кездесулерін өткізу, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі, Еуропалық Парламент, Парламентаралық одақ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісілді.

    Кездесу соңында Мемлекет басшысы құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды. Сондай-ақ Франция Ұлттық жиналысының Төрағасын өзіне қолайлы уақытта Өзбекстанға келуге шақырды.