Өзбекстан Президенті мен Қатар Әмірі екіжақты қарым-қатынасты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеруге келісті

    Билік 19 Dekabr 2023 3410

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Сони кездесу өткізді.

    Сұхбат басында Мемлекет басшысы Әмір және достас Қатар халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтады.

    Қатар Әмірі, өз кезегінде, Ташкентте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық марапаттау рәсімін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және жылы лебізін білдіргені үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірді.

    Екі ел арасындағы саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

    Барлық деңгейде белсенді диалог пен алмасу жалғасып жатқаны атап өтілді. Биыл Ташкент пен Доха қалаларында екі елдің дипломатиялық өкілдіктері ашылды. Өзара сауда көлемі артып келеді, Қатардың жетекші компанияларының қатысуымен ірі жобалар іске қосылды.

    Кездесуде жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды, оның ішінде «жасыл» энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымды дамыту, банк және қаржы, білім беру, денсаулық сақтау, туризм салаларындағы жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

    Көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жолдары қарастырылды. Атап айтқанда, Қатар тарапы Трансауған темір жолын салу жобасын толық қолдады.

    2024 жылы Дохада бірлескен Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің алғашқы отырыстарын, сондай-ақ екі елдің бизнес-форумын ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Тараптар алдағы жылы мәдени-гуманитарлық шараларды өткізу мәселелерін де талқылады.

    Қол жеткізілген уағдаластықтардың дер кезінде жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан мен Қатар басшылары екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары деңгейінде Үйлестіру кеңесін құру қажеттігін атап өтті.

    Мемлекет басшысының Өзбекстанда БҰҰ аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік орталық құру туралы бастамасы қолдау тапты.

    Сондай-ақ халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates