Екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың практикалық аспектілері талқыланды.
Кездесу басында Вьетнам делегациясының басшысы Өзбекстан басшысына Вьетнам Президенті Нгуен Суан Фуктың шынайы сәлемін жеткізді.
Келіссөздер барысында салы шаруашылығы, мақта, ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу, химия және тоқыма өнімдерін, автомобиль бөлшектері мен электроника өндірісі сияқты перспективалы салаларда ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері айтылды.
Іскерлік қарым-қатынастарды жандандыру және инвестициялық серіктестікті кеңейту мақсатында алдағы айларда сарапшылар деңгейінде өзара сапарлар ұйымдастырылып, Үкіметаралық комиссияның қызметі қайта жанданатыны, Өзбекстан-Вьетнам Іскерлік кеңесін құру бойынша келісілді.
Парламентаралық байланыстарды орнатуға, білім беру және басқа да бірлескен гуманитарлық бағдарламаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.