баннер
31 Mar 2025
02:18

    Өзбекстан Президенті Халықаралық дзюдо федерациясының басшысын қабылдады

    27 ақпан күні Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев халықаралық «Үлкен дулыға» турнирі аясында елге келген Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визерді қабылдады.

    Кездесу барысында аталмыш беделді спорт ұйымымен Өзбекстанда дзюдо мектебін дамыту және бұл жекпе-жек түрін кеңінен насихаттау жөніндегі тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері қаралды.

    Айта кету керек, Өзбекстан халықаралық федерацияның қызметінде белсенді түрде атсалысуда. 2022 жылы елде ересектер арасында әлем чемпионаты, ал өткен жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем біріншілігі сәтті ұйымдастырылды. Париждегі Жазғы Олимпиада ойындарында Диёра Келдиёрова Өзбекстан тарихында алғаш рет дзюдодан алтын медаль жеңіп алды.

    Федерация басшысы Мариус Визер Өзбекстанда салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың барлық түрлерін жан-жақты қолдау, жастарды, әсіресе қыздарды спортқа тарту, заманауи спорт инфрақұрылымын құру бағытында жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформаларды жоғары бағалады.

    Кездесу барысында спортшыларды, жаттықтырушылар мен төрешілерді дайындау үшін техникалық қолдау мен сараптамалық көмекті күшейту, сондай-ақ таланттарды іріктеудің тиімді механизмін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, ел аумағында дзюдо бойынша халықаралық турнирлерді тұрақты түрде өткізу туралы ұсыныс жасалды.

    Кездесу соңында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев ұлттық дзюдо мектебін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визерді «Достық» орденімен марапаттады.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech