Өзбекстан Президенті Халықаралық валюта қорының атқарушы директорын қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 22 қыркүйек күні Нью-Йорк қаласында Халықаралық валюта қорының атқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады.

    Кездесуде осы беделді жаһандық құрылыммен серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.

    ХВҚ басшысы Кристалина Георгиева Жаңа Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан жаңғыруларға жоғары баға беріп, артқа қайтпас реформаларды толық қолдайтынын жеткізді.

    Жалпы қор аясында макроэкономикалық саясат, бюджет пен салық әкімшілігін жетілдіру бағыттарында нәтижелі ынтымақтастық орнағаны айтылды. Мамандарымыз ХВҚ орталықтарында тұрақты түрде біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өтуде. Биыл еліміздің қаржы саласының тұрақтылығы бірлесіп бағаланып, «жол картасы» қабылданды.

    Кездесу барысында ақша-кредит және фискал саясатты дамыту, статистика жүйесін жаңғырту бойынша қордың сараптамалық қолдауын жалғастыру, сондай-ақ экономикалық ведомство қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламаларын кеңейту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates