Мемлекет басшысы Қытай делегациясын қабалдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 8 шілде күні Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзи бастаған делегацияны қабылдады.

    Қытай Парламентінің басшысы Өзбекстан басшысына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

    Сұхбат барысында кейінгі жылдары Өзбекстан мен Қытай арасындағы достық жан-жақты стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарында жоғары деңгейге көтерілгені атап өтілді.

    Өзбекстан Президентінің биылғы жылдың қаңтар айында Қытайға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдер жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

    Астана қаласындағы ШЫҰ саммиті аясында өткен жоғары деңгейдегі тиімді келіссөздердің нәтижелері елдеріміз арасындағы көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге тың серпін беретініне сенім білдірілді.

    Қытайдың Өзбекстандағы әлеуметтік-экономикалық реформаларды, әсіресе кедейлікті азайту бағдарламасын, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы және «жасыл» энергетика салаларында стратегиялық ынтымақтастық бағдарламаларын қабылдау жоспарларын табанды түрде қолдап жатқаны расталды.

    «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолын салу бойынша тәжірибелік жұмыстарды тезірек бастаудың маңыздылығы атап өтілді.

    Өңіраралық қатынастардың қарқынды дамуы жоғары бағаланды. Келесі жылы өңірлердің екінші форумы өтеді.

    Өзбекстанда Қытайдың жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу, кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, Конфуций институтының қызметін қолдау мәселелері талқыланды. Келесі жылы екінші Білім форумын өткізу жоспарланған.

    Мәдениет және туризм салаларындағы алмасу жөнінде пікір алмасылды.

    Парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, парламент мүшелері арасындағы байланысты жандандыру, жүргізіліп жатқан реформаларды қолдауда заң шығару тәжірибесін зерделеу қажеттігі атап өтілді.

    Екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша «Жол картасын» қабылдау көзделгені айтылды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates