Өзбекстан-Қытай стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарын одан әрі нығайту және көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланды.

Алдымен Сыртқы істер министрі Цинь Ган Мемлкет басшысына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Кездесу барысында саяси ерік-жігер мен бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткені үлкен атап өтілді.

Кейінгі жылдары тауар айналымы екі есеге, бірлескен кәсіпорындар мен жобалардың саны үш есеге артты, Қытайдан 11 миллиард доллар инвестиция тартылды. Пандемиядан кейін тұрақты әуе рейстері қалпына келтірілгеннен кейін өңіраралық байланыстар, білім беру және мәдени-гуманитарлық алмасулар жандана бастады.

Өзбекстан басшысы Қытайға алдағы мемлекеттік сапары және «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне мұқият дайындықтың маңыздылығын айтты.

Сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Бүгінгі таңда техникалық құжаттары дайындалып жатқан «Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай» темір жолының құрылыс жобасын жедел жүзеге асырудың маңыздылығы сөз болды.

Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу және осы елдің әлеуметтік-экономикалық сауықтырылуына практикалық көмек көрсету бойынша тығыз үйлестіруді жалғастыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.