Өзбекстан Президенті ҚХР делегациясын қабылдады

    Билік 29 Mart 2023 5025

    29 наурызда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Компартиясы партком хатшысы Ма Синжуй бастаған ҚХР делегациясымен өткен кездесуде Өзбекстан аймақтары және ШҰАА арасында өзара тиімді практикалық ынтымақтастық орнату мәселелері қаралды

    Өзбекстан аймақтарында Қытайдың жетекші компанияларының қатысуымен жаңартылатын энергетика, көлік инфрақұрылымын дамыту, индустриялық парктер мен ауыл шаруашылығы кластерлерін құру салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері басты назарда болды.

    Кездесу басында Ма Синжуй Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемі мен ізгі тілегі және Қытай басшысы болып қайта сайлануымен шын жүректен құттықтағанына ризашылығын білдірді.

    Кездесуде өткен жылдың қыркүйек айында Самарқандта өткен және Өзбекстан-Қытай жан-жақты стратегиялық серіктестік қарым-қатынасында жаңа дәуір ашқан тарихи саммиттің жемісті нәтижелері атап өтілді.

    «Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай» теміржол жобасының құрылысын жеделдетуге екі тараптың да мүдделі екені айтылды.

    Ташкент, Самарқанд және басқа облыстардың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен сауда, логистика, медицина, ауыл шаруашылығы, туризм және білім салаларын қоса алғанда, көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге кең мүмкіндіктері бар екені сөз болды.

    Мемлекет басшысы өзара байланыс пен алмасуды жандандыру, сапарлар мен бизнес-форумдар ұйымдастыру, басым жобалар мен бағдарламаларды ілгерілету бойынша бөлек «жол картасын» қабылдау жөнінде тапсырма берді.