баннер
28 Mar 2025
06:26

    Өзбекстан Президенті Сауд Арабиясының қажылық және ұмра істері жөніндегі министрін қабылдады

    19 ақпан күні Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев елімізге сапармен келген Сауд Арабиясы Патшалығының Қажылық және ұмра істері жөніндегі министрі Тауфиқ бен Фаузан ар-Рабиа бастаған делегацияны қабылдады.

    Кездесудің басында жоғары мәртебелі қонақ Мемлекет басшысына Сауд Арабиясының Корольі Салман Әл Сауд және Тақ мұрагері, Премьер-Министр Мұхаммед Әл Саудтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, министр Сауд Арабиясы Корольінің көпұлтты Өзбекстан халқына тартуы ретінде қасиетті Кағбаның жабыны – «кисва» бөлігін табыстады.

    Өз кезегінде, Өзбекстан басшысы Сауд Арабиясы басшылығына бұл баға жетпес сыйы үшін, сондай-ақ өзбек зияратшылары үшін Мекке мен Мәдина қалаларында жасалып жатқан кең мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар үшін шынайы алғысын білдірді. Бірғана өткен жылдың өзінде 800 мыңнан астам өзбекстандық ұмра қажылығын, ал 15 мыңнан астамы қажылық парызын өтеген.

    Сұхбат барысында өзбекстандық қажыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, олардың Сауд Арабиясына сапарын барынша қауіпсіз және ыңғайлы ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech