Өзбекстан-Кувейт сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа қырлары дамиды

    Үстіміздегі жылдың 21 ноябрінде Ташкент қаласында Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Өзбекстан-Кувейт үкіметаралық комиссиясының жиналысы өтті.

    Екі елдің делегацияларына: Өзбекстан тарапынан — Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов, Кувейт тарапынан — Кубейт Мемлекеттік экономика және инвестициялар министрі Нура Сулайман Аль-Фассам басшылық жасады.

    Күн тәртібіне сәйкес тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйін қарастырып, өзара ынтымақтастық аясын одан әрі арттыру бойынша нақты іс-шараларды белгіледі.

    Ақпарат үшін: соңғы 5 жылда тауар айналымы, негізінен азы-түлік, химия өнімдері мен қызмет көрсету көлемінің көбеуі есебіне 5 еседен астам өсті. Өзбекстанда Кувейт капиталының қатысуымен 7 кәсіпорын жұмыс істеп келеді.

    Үкіметаралық комиссия жиналысында құттықтау сөз сөйлеген Лазиз Қудратов Өзбекстан-Кувейт ынтымақтастығының даму әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты күш салудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар екі елдің базарларын талдау негізінде тауар айырбастау аясын кеңейту, Жеңілдетілген сауда туралы келісімді әзірлеу және қол қою, электронды коммерциялық салада ынтымақтастықты кеңейту, кедергілерді жою, сондай-ақ «Made in Uzbekistan» және «Made in Kuwait » көрмелерін өткізетін болды.

    Ірі Кубейт компаниялары үшін Өзбекстанның еркін экономикалық аймақтарында кең мүмкіндіктер жасалып жатқаны, сондай-ақ салық, кедендік жеңілдіктер мен преференциялар, шикізат пен коммуналдық қызметтерден пайдалану мүмкіндіктері айтылды. Өзбекстан компаниялары да Кубейт Еркін экономикалық аймақтарында өндірісті жолға қою үшін жеткілікті тәжірибе мен мүмкіндіктерге ие екені айтылды.

    Жақын болашақта өнеркәсіптік кооперациясы бағдарламасы және екіжақты инвестициялық келісім-шарттар туралы келісімді әзірлеуге қол жеткізілді.

    Сындарлы пікір алмасу барысында банк-қаржы саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, Кувейт компанияларының Өзбекстанды жекешелендіру бағдарламасындағы қатысуы, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік-логистика, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірлескен ұстанымдар әзірленді.

    Болашақтағы инвестициялық мүмкіндіктерді анықтаудан бастап, Кувейт компаниялары тарапынан Өзбекстанда бизнес жасау және дамытуға дейінгі болған кезеңде жан-жақты қолдап-қуаттау шараларын қабылдауға дайын екендіктерін білдірді.

    Өз кезегінде, Экономика және инвестициялар мемлекеттік министрі, Кувейт делегациясының басшысы Нура Сулейман әл-Фассом да Өзбекстанның бизнес ортаны жақсартуға, экономиканың ашықтығын қамтамасыз етуге және инвесторлардың құқықтарын қорғауға үлкен көңіл бөлетінін атап өтті.

    Бұл іс-шаралардың барлығы сауда-экономикалық ынтымақтастық көлемін арттыруға және кувейттік іскерлердің Өзбекстанға деген сенімін арттыруға берік негіз болып табылады. Министр жаңа бастамаларды жан-жақты қолдауға, іс жүзіндегі келісімдер дер кезінде орындалуын қамтамасыз етуге, кувейттік компанияларды елімізге тартуға көмектесуге дайын екенін білдірді.

    Шара соңында Сауданы жеңілдету туралы Меморандумға, сондай-ақ Өзбекстан-Кувейт үкіметаралық комиссиясының бірінші мәжілісі хаттамасына қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates