Ұлттық валютаның дизайнына бей-жай қарамайтын азаматтарымыздың 50 000 сумдық банкноттың бет жағында «Әл-Хаким ат-Термизи» кесенесінің суреті болғанымен, кесененің аты «Абу Исо ат-Термизий» деп жазылғандығы белгілі болды.
Мамандардың қайта сараптауы нәтижесінде шынында да үлгідегі суретте және оның атауында техникалық қате бар екені анықталды. 50 000 сумдық банкноттардың жаңа дизайны шығарылғанға дейін оның үлгісінде анықталған техникалық қате жойылып, кесене атауы дұрыс енгізілетінін хабарлайды.
Сондықтан Өзбекстан Республикасының Орталық банкі банкноттар дизайнына бей-жай қарамаған барша азаматқа өз алғысын білдіреді деп, хабарлайды Орталық банктің Қоғаммен байланыс және коммуникациялық саясат департаменті директор Акмал Назаров өзінің телеграм арнасында.