Жиналыста Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының жиырма екінші жалпы жиналысын 2021 жылғы 15 декабрьде шақыру туралы қаулы қабылданды.
Бейнеконференцбайланыс түрінде өтетін жалпы жиналыста бірқатар мәселелер қаралуы көзделген. «2022 жылға арналған Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті туралы», «Адам ағзалары мен жасушаларын трансплантациялау туралы», «Жастармен істеу жүйесін жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы», «Өзбекстан Республикасы Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 245 және 2458-баптарына өзгерістер енгізу туралы» және «Кәсіпкерлер күнін белгілеу туралы» Заңдар солар қатарында .
Бұдан тыс, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік бюджетінің 2021 жылдың тоғыз айындағы атқарылуы , Ташкент қаласы әкімінің аумақты дамыту, Қарақалпақстан Республиканың кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша белгіленген іс-шаралардың атқарылу барысының есебі тыңдалды.
Сондай-ақ, сенаторлар сот құжаттары мен басқа да органдар құжаттарының орындалу жағдайы туралы Бас прокуратура жанындағы Мәжбүрлеу атқару бюросына жолданған парламент сауалдарының нәтижелерін талқылайды.
Жалпы мәжілісте экспорт көлемінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету және оның номенклатурасын әртараптандыру бойынша қаралған іс-шаралар, сондай-ақ Айдар-Арнасай көлдер жүйесіндегі проблемалардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсері туралы Министрлер Кабинетіне парламент сауалдарын жіберу мәселелері де қаралады.
Парламенттің жоғарғы палатасының Әйел-қыздар және гендерлік теңдік мәселелері комитетінің 2020 және 2021 жылдардың өткен кезеңіне арналған қызметі туралы есебі тыңдалуы көзделген.
Сондай-ақ Кеңес мәжілісінде Аралбойы аймағындағы кәсiпкерлiктi дамытуды жеделдету жөнiндегi шаралардың жүзеге асырылуын парламенттiк бақылауды жүзеге асыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисi Сенатының ақпараттық қызметi.