Өзбекстан Президенті жұмыс сапармен Ресей Федерациясына барады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 21 ақпанда «Болашақ ойындары» жарысының ашылу салтанатына қатысу үшін жұмыс сапармен Қазан қаласына барады.

    Сапар бағдарламасында екі ел басшыларының кездесуі қарастырылған. Онда 2023 жыл 5-7 қазандағы Ресейге ресми сапар қорытындысында қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыру, сондай-ақ жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастарын тереңдету мәселелері талқыланады.

    Айта кетейік, Ресей Федерациясында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан және 21 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтетін «Болашақ ойындары» дәстүрлі спорт түрлері, ғылыми әзірлемелер мен цифрлық технологияларды біріктіретін жарыс.

    Бұл ірі спорттық шараға 107 елден 227 команда, соның ішінде Өзбекстан спортшылары да қатысады.