Шавкат Мирзияев Америка-Өзбекстан сауда палатасының делегациясын қабылдады

    Билік 16 Noyabr 2022 5083

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Шетелдік инвесторлар кеңесінің бірінші отырысына қатысу үшін Өзбекстанға келген Америка-Өзбекстан сауда палатасының төрағасы Кэролин Лэмм бастаған делегациямен кездесті.

    Кездесуге делегация құрамында АҚШ-тың «General Electric», «Procter and Gamble», «Coca-Cola» «CNH Industrial», «John Deere», «Zeppelin» және «Silverleafe» компанияларының басшылары қатысты.

    Қонақтарды қарсы алған Мемлекет басшысы Өзбекстан мен АҚШ арасындағы көп салалы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

    Құрамына 38 жетекші компания кіретін Америка-Өзбекстан сауда палатасы екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға зор үлес қосып отырғаны сөз болды.

    Екі елдің кәсіпорындары арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен ынтымақтастық жобаларын ілгерілету жөнінде пікір алмасылды.

    Ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде энергетика, химия өнеркәсібі, машина жасау, азық-түлік, тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау секторлары аталды.

    Кэролин Лэмм палата мүшелерінің Өзбекстандағы қызметіне жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына АҚШ іскер топтарының атынан алғыс білдірді.

    Америкалық іскер топ өкілдері АҚШ бизнесінің өзара ынтымақтастықты тереңдетуге деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Өзбекстан Президенті басшылығымен жүзеге асырылған реформалардың табыстылығын жоғары бағалай отырып, Өзбекстанмен инвестициялық әріптестікті кеңейту мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалануға ниетті екенін растады.

    Жаңа бірлескен жобаларды әзірлеу үшін 2023 жылдың бірінші тоқсанында бірлескен бизнес-форум өткізуге келісілді.