Шавкат Мирзияев БАӘ Премьер-министрінің орынбасарымен телефон арқылы сөйлесті

    Билік 2 Dekabr 2021 4088

    2 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрінің орынбасары – Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

    Шавкат Мирзияев БАӘ тарапын ұлттық мереке – мемлекеттің құрылғанына 50 жыл толуымен шын жүректен құттықтап, достас БАӘ халқына гүлдену мен өркендеу тіледі.

    Өзбекстан-БАӘ кең ауқымды ынтымақтастығының стратегиялық бағыттарын дамыту мәселелері қаралған сұхбат барысында, бірлескен инновациялық жобалар мен қаржылық және техникалық көмек көрсету бағдарламаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылып, Дубайдағы ЕХРО дүниежүзілік көрмесінде паш еткен елдеріміздің әлеуетін ескеру керектігі айтылды.

    Келешегі зор жобалардың жаңа портфелін қалыптастыру үшін жақын арада үкіметтік делегациялардың екіжақты кездесулерін өткізуге келісілді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates