Мемлекет басшысы Абу-Даби тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

    Билік 2 Dekabr 2021 3914

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Абу-Даби тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

    Мемлекет басшысы Әбу-Дабидің тақ мұрагерін, достас Әмірліктердің басшылығы мен халқын осы елдің құрылғанына 50 жыл толуымен шын жүректен құттықтап, бейбітшілік, гүлдену және тұрақты даму тіледі.

    Сұхбат барысында, Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттік құрылыс пен экономикалық дамуда үлкен жетістіктерге жетіп, халықаралық деңгейде кең танылғаны және Дубайдағы ЕХРО дүниежүзілік көрмесінде тағы да таныстырылғаны атап өтілді.

    Тараптар Өзбекстан-БАӘ көпқырлы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

    Баламалы энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымды жаңғырту, менеджмент кадрларды оқыту және басқа да басым салаларда тиімді ынтымақтастық жолға қойылғаны және Әмірліктердің жетекші ұйымдары, компания мен қаржы институттары қатысуында бірлескен жобаларды сәтті жүзеге асырылып жатқаны сөз болды.

    Ұзақ мерзімді серіктестіктің жаңа бағыттары мен бағдарламаларын анықтау мақсатында белсенді диалог пен алмасуды жалғастыру маңызды екені айтылды.

    Абу-Даби тақ мұрагері Әмірліктердің бұрынғыдай достық және тығыз екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді және Өзбекстан мен БАӘ арасындағы кең ауқымды ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates