Жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке төнген заманауи қауіптер, сын-қатерлермен күрестегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланған кездесуде Өзбекстан мен БҰҰ-ның осы мамандандырылған бөлімшесі арасындағы практикалық ынтымақтастық жоғары деңгейге көтеріліп, нәтижелі бола бастағаны қанағаттанушылықпен атап өтілді.
Бөлімнің Орталық Азиядағы өкілдігі Өзбекстанда 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Оның белсенді атсалысуымен соңғы бірнеше жылда аймақтық бағдарлама аясында 24 миллион долларды құрайтын қаржылық және техникалық көмек көрсету жобалары жүзеге асырылды.
Гада Валидің сапары барысында Орталық Азия үшін 2022-2025 жылдарға арналған жаңа өңірлік ынтымақтастық бағдарламасы қабылданып, онда 5 басым бағыт бойынша 90 миллион долларды құрайтын іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыру көзделген.
Сондай-ақ, Самарқанд қаласында жастардың есірткіге қарсы аймақтық желісі іске қосылып, Бұхарада адам саудасымен күрес жөніндегі халықаралық конференция өтеді.
Кездесуде есірткінің заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа және халықаралық терроризмге қарсы күресте әріптестік пен өзара үйлестіруді одан әрі кеңейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің электронды платформасын енгізу және басқа да бағыттар мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыстың алдын алу және осы елге практикалық көмек көрсету бойынша халықаралық қауымдастықтың үйлестірілген күш-жігерінің маңыздылығы атап өтіліп, аймақтағы жағдайға ерекше назар аударылды.
Өзбекстанның БҰҰ Басқармасымен жүйелі және көп қырлы ынтымақтастығын нығайту үшін бірлескен «жол картасын» дайындау туралы келісімге қол жеткізілді.