Шавкат Мирзияев Ислам даму банкінің президентін қабылдады

    Билік 2 Sentabr 2021 4678

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2 қыркүйек күні Ташкент қаласында өтіп жатақан Ислам даму банкі (ИДБ) Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы 46-шы отырысы аясында Өзбекстанда болып тұрған Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед бен Сулейман Әл-Жасирді қабылдады.

    Кездесуде ИДБ президенті мемлекет басшысы мен Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтап, мәңгілік даму мен өркендеу тіледі.

    Пандемия басталғалы бері Банктің ең маңызды оқиғасы дәл осы күндері Ташкентте тікелей эфирде өтіп жатқанын атап өтілді.

    Бұл жоғары деңгейдегі форумға ИДБ-ға мүше елдердің үкіметтерінің өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары, іскер топтар мен жетекші сарапшылар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысуда. Онлайн және офлайн іс-шараларға 4,5 мыңға жуық делегат қатысуда.

    Мемлекет басшысы Мұхаммед әл-Жасирді ИДБ президенті болып сайлануымен құттықтады.

    Өзбекстан Президенті ИДБ-мен серіктестіктің тұрақты түрде кеңеюін жоғары бағалай отырып, Банктің Өзбекстандағы ауқымды реформалардың жаңа бағдарламасын қолдайтынын және оны ілгерілетуге маңызды үлес қосатынын атап өтті.

    Бүгінде практикалық ынтымақтастық портфолиосы көлік, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, ауыл шаруашылығы мен су шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік және басқа да басымдықтарды қамтитын, құны шамамен 2,5 миллиард доллар болатын 29 жобадан тұрады.

    Көп қырлы серіктестікті кеңейту перспективалары талқыланып, осыған байланысты 2022-2025 жылдарға арналған жаңа ынтымақтастық бағдарламасын жедел түрде қабылдау мен іске асыру, сондай-ақ Ташкентте Банктің толық өкілетті өкілдігін іске қосу, қаржыландыру құралдарының тиімділігін арттыру маңызды екендігі айтылды.

    Жаңадан құрылып кележатқан Өзбекстанның экономикалық әлеуетін арттыру қорының қызметі жеке кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын құрудың және халықтың, әсіресе әйелдер мен жастардың әл-ауқатын жақсартудың тиімді тетігі болады деп үміт артылды.

    Өзбекстан мен ИДБ арасындағы стратегиялық серіктестік пен кең ауқымды ынтымақтастықты дамыту мақсатында тығыз ынтымақтастық пен белсенді диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates