Шавкат Мирзияев Орталық Азия және Қытай басшыларының саммитіне қатысты

    Билік 26 Yanvar 2022 4784

    25 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына арналған Орталық Азия және Қытай басшыларының бейне байланыс форматындағы кездесуіне қатысты.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысқан шарада, көшбасшылар Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай Халық Республикасының 30 жылдық ынтымақтастығының қорытындыларын шығарып, көп қырлы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен болашақтағы басымдықтар туралы пікір алмасты.

    Ынтымақтастықтың басымдықтарын түсіндіре отырып, Шавкат Мирзияев кедергісіз сауданы қамтамасыз етуге және өнеркәсіптік кооперация мен оқшаулаудың ортақ кеңістігін құруға бағытталған Қытай-Орталық Азия экономикалық диалогының жаңа стратегиясын әзірлеу бастамасын алға тартты.

    Өзбекстан Президенті «Қытай-Орталық Азия» бағытында үздіксіз жүк ағынын қамтамасыз ету және трансаймақтық логистикалық желілерді дамыту үшін жүйелі шешімдер әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» теміржол жобасын жүзеге асыруды биылдан бастау ұсынылды.

    Мемлекет басшысы саммитке қатысушылардың назарын цифрлық технологияларды кеңінен енгізу үшін күш-жігерді біріктіру қажеттігіне аудара тұрып, ІТ-парктер базасында «Интеллектуалды Жібек жолы» бірлескен алаңын құруды ұсынды.

    Соынмен қатар, кездесуде маңызды бағыттардың бірі ретінде денсаулық сақтау және жұқпалы аурулармен күрес саласындағы ынтымақтастық айтылды. Соның негізінде Қытаймен вакциналарды әзірлеу, сынақтан өткізу және өндіру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Өзбекстан осы елдер арасындағы адамдар мен жүктердің қозғалысын жеңілдету мақсатында екпе паспорттарын өзара тануды қолдайтыны сөз болды.

    Бұдан бөлек, Өзбекстан Президенті пандемия кезінде халықтың азық-түлікке деген жылдам өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру және осыған байланысты шұғыл бірлескен шараларды жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастыққа шақырды. Пандемия жағдайында азық-түлік қауіпсіздігі туралы жеке қарар қабылдау туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасын бірлесіп ілгерілетуді ұсынды.

    Кездесуде Орталық Азия мен Қытай халықтарын одан әрі жақындастыру, мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

    Өзбекстан басшысы келер жылды Орталық Азия мен Қытай халықтарының мәдениеті мен өнері жылы деп жариялауды, академиялық және студенттер алмасу бағдарламаларына, жастар форумдары мен спорттық жарыстар өткізуді ұсынды.

    Мемлекет басшысы өз сөзінде аймақтық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру мәселелеріне де тоқталды. «Қауіпсіз Жібек жолы» тұжырымдамасын іске асыру мақсаттарына сәйкес Ауғанстандағы бірлескен күш-жігерді үйлестіруді жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

    Сөзінің соңында Мемлекет басшысы Қытай халқына Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

    Саммит соңында Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы көпқырлы әріптестікті одан әрі нығайтудың маңызды мәселелеріне ортақ көзқарастар көрсетілген Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates