Шавкат Мирзияев Орталық Азия және Ресей басшыларының кездесуіне қатысты

    Билік 14 Oktabr 2022 5637

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 14 қазан күні Астана қаласында өткен «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты.

    Кездесуге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қатысты.

    «Орталық Азия – Ресей» форматындағы ынтымақтастық, өңірлік және халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер талқыланды.

    Мемлекет басшысы өңірлік әріптестікті нығайту мақсатында сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы қарым-қатынастарды жоғары деңгейге көтеруге бағытталған бастамаларды алға тартты.