Айтулы шара Бейжіңдегі «Құс ұясы» ұлттық стадионында ашылып, онда бірқатар шет мемлекеттердің басшылары, ресми делегациялар мен халықаралық ұйым басшылары қатысты.
Салтанатты шараның көркем қойылымында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин тарапынан ұсынылған «Адамзаттың ортақ тағдыры» тұжырымдамасын өзінде бейнеленген болып, ол Қытай халқының көне тарихы мен бай мәдениетін, әлемдік экономикада көшбасшы ретіндегі жетістіктері, халықаралық олимпиадалық қозғалысының рухы мен құндылықтарын көрсетті.
Одан кейін Ұлттар шеруі өтті. Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын елдердің спорт делегациялары, соның ішінде Өзбекстан құрамасы стадионда жүріп өтті. Онда Өзбекстан атынан қатысып жатқан тау шаңғышысы Комилжон Тухтаев Өзбекстан мемлекеттік ту ұстаушы болды.
Дүбірлі доданың мерекелі шарасы қызған шағында Олимпиада алауы жағылды. Салтанатты шара мерекелік отшашумен аяқталды.
4-20 ақпан аралығында өтетін Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады, оған әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы бақ сынайды.