Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті

    Билік 26 Noyabr 2021 2954

    26 қарашада Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

    Әңгіме басында Мемлекет басшысы Елбасыны келе жатқан мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақ-береке және жаңа жеңістер, ал бауырлас Қазақстан халқына даму мен өркендеу тіледі.

    Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстанды құрудағы, мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін арттырудағы тарихи рөлі мен жеке үлесі ерекше атап өтілді және бүгінгі таңда екі ел арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік қарым-қатынастары жоғары деңгейге көтерілгені сөз болды.

    2021 жылдың басынан бері екіжақты тауар айналымының көлемі 40 пайызға артып, екі елдің жетекші компаниялары мен кәсіпорындары арасындағы өндірістік кооперация кеңейіп келеді. Бүгін Түркістанда Өзбекстан мен Қазақстан үкімет басшыларының қатысуымен Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы мен Аймақтық форум өтуде.

    Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық алмасудың маңызды бағдарламаларын жүзеге асыру жалғасуда.

    Сұхбат барысында тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, алдағы өтетін жоғары деңгейлі кездесулердің жоспарын талқылады.