Сапар бағдарламасына сәйкес екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау үшін жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Басты назар Өзбекстан-Түркіменстан стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын жаңа кезеңде одан әрі нығайтуға, өнеркәсіп, энергетика және химия секторлары, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, белсенді мәдени-гуманитарлық алмасуды жалғастыруға бағытталатын болады.
Саммит соңында ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша екіжақты құжаттардың маңызды топтамасын қабылдау жоспарланған.
Сондай-ақ, сапар барысында Ашхабад қаласында «Ташкент» саябағын ашу және Шекара маңында сауда орталығын салу жобасын бірлесіп іске қосу көзделген.