Шавкат Мирзияев Дмитрий Козакты қабылдады

    Билік 19 Yanvar 2022 4214

    Бүгін 19 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады.

    Кездесу басында Дмитрий Козак Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің ықыласты әрі ізгі тілегін жеткізді.

    Жақында өткен жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздерде қол жеткізілген келісімдер Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға және көп қырлы қарым-қатынастарды кеңейтуге күшті серпін бергені атап өтілді. Сауда көлемі артып, өнеркәсіптік кооперация бойынша ірі жобалар мен басым гуманитарлық бағдарламалар жүзеге асырылуда.

    Мемлекет басшысы Өзбекстан мен Ресей арасындағы кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі дамытудың және оның әлеуетін іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

    Сондай-ақ Орталық Азиядағы оқиғаларға байланысты аймақтағы жағдай туралы пікір алмасылды.