Сапар барысында екі ел басшылары Мәскеуде келіссөздер өткізіп, Өзбекстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Осы сапар қарсаңында Мәскеуде Өзбекстан мен Ресейдің екінші Білім форумының және Аймақаралық ынтымақтастық форумының бірлескен іс-шаралары өтуде.