Шавкат Мирзияев Сауд Арабиясы делегациясын қабылдады

    Билік 29 Sentabr 2022 4832

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра істері министрі Тауфик бен Фавзан әл-Рабия бастаған делегацияны қабылдады.

    Онда мұсылман әлемінің киелі жерлеріне сапарларды ұйымдастыруда тиімді ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде азаматтарымыздың Сауд Арабиясында болуы үшін қолайлы әрі жайлы жағдай жасау бойынша өзара мәселелері талқыланды.

    Кездесу басында Қажылық және умра істері министрі Мемлекет басшысына Қос қасиетті мешіт қызметкері, Сауд Арабиясының Корольі Салман бен Абдулазиз Әл Сауд пен тақ мұрагері ханзада, елдің Премьер-Министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың шынайы сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Сауд Арабиясы делегациясының бұл сапары осы жылдың тамыз айында Сауд Арабиясына жасаған тарихи мемлекеттік сапар барысында қол жеткізілген жоғары деңгейдегі келісімдердің жалғасы екені баса айтылды.

    Сұхбат барысында Өзбекстан азаматтары үшін жыл сайынғы қажылық квотасын екі есеге 24 мың адамға, умра квотасын 100 мың адамға жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

    Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруды қолдау, цифрландыру саласындағы озық тәжірибені енгізу, саудиялық туристер үшін Өзбекстанда визасыз тәртіпті енгізілгенін ескере отырып, олардың елге келу санын арттыру, екі елдің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары арасында әріптестік қарым-қатынас орнату мәселелері де қарастырылды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates