Шавкат Мирзияев Түркіменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасарын қабылдады

    Билік 17 Yanvar 2022 5657

    17 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ташкентке жұмыс сапарымен келген Түркіменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Бердімұхамедовті қабылдады.

    Кездесу басында Мемлекет басшысы Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қарым-қатынастары соңғы жылдары тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.

    Жоғары мәртебелі мейман жылы қабылдау үшін шын жүректен ризашылығын білдіріп, Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізіп, Түрікменстан басшысының барлық бағыттағы қарқынды дамып келе жатқан түркімен-өзбек қарым-қатынасына жоғары баға берген хатын табыс етті.

    Онда Түркіменстан басшысы екі елдің халықаралық саясат пен аймақтық қарым-қатынастардағы ұстанымдары жақын әрі ұқсас екенін атап өтті.

    Кездесуде жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы талқыланды.

    Өзара екіжақты тауар айналымын арттыру, өнеркәсіп, энергетика, су және ауыл шаруашылығы салаларында жаңа ынтымақтастық жобаларын іске асыру, сондай-ақ екі елдің транзиттік әлеуетін тиімді пайдаланудағы ынтымақтастықты нығайту мен осы бағыттағы практикалық шараларға ерекше назар аударылды. Өңіраралық қарым-қатынас пен мәдени-гуманитарлық алмасуды дамыту маңызды екені сөз болды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates