Өзбекстан-Ресей аймақаралық ректорлар конференциясы өтті

    Білім 27 Sentabr 2023 626

    Үстіміздегі жылдың 25-26 сентябрь күндері Санкт-Петербург қаласында Өзбекстан-Ресей аймақаралық ректорлар конференциясы өтті.

    Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымының докторы, профессор Ахмед Реймов та Санкт-Петербург мәмлекеттік университетінің Менежменті жоғары мектебінде өткізілген «Өзбекстан-Ресей аймақаралық ректорлар конференциясына» қатысты.

    Бұл конференцияда Ахмед Реймов еліміздегі білім саласында жүзеге асырылып жатқан реформалар, университеттің пофессор-оқытушылары, жастарды жұмысқа қабылдауға жасалып жатқан жағдайлар мен материалдық-техникалық базасы туралы ақпарат берді.

    Сонымен қатар конференцияға қатысушыларына Арал теңізіндегі құрғақшылықтың алдын алу мақсатында ресейлік ғалымдармен біріккен ғылыми зерттеулерді кеңейту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына суды үнемдеу технологияларын енгізу шараларын күшейту, жас ғалымдарды Ресей Федерациясының беделді жоғары оқу орындарына мақсатты аспирантура мен докторантураға жіберуді жолға қою, заман талабына жауап беретін ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мақсатында Ресей ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу мекемелерінің тәжірибелі мамандары және ғалымдарымен университет арасындағы біріккен ғылыми мамандандырылған кеңестерді ұйымдастыру, сондай-ақ Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында тәжірибелік курстарды жолға қою бойынша ұсыныстарын білдірді және бұл бағытта бірге ынтымақтастық жасауға дайын екенін айтты.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates