Мемлекет басшысы Мәскеуде Владимир Путинмен келіссөздер өткізді

    Билік 19 Noyabr 2021 3287

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 19 қарашада Ресейге барды.

    Жоғары деңгейдегі келіссөздер Кремльде өтті.

    Кездесу басында Владимир Путин Мемлекет басшысын президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

    – Өзбекстан ең жақын көршіміз ғана емес, одақтасымыз. Біз Өзбекстанды осылай қабылдаймыз. Бұл – үлкен аймақтық мемлекет болып, бізді тарихи жағынан да, бүгінгі күні де жан-жақты байланыстырып тұрады,– деді Ресей Президенті.

    Қазіргі таңда Өзбекстанның тауар айналымының 18 пайызы Ресей үлесіне тиесілі. Тауар айналымы өсуде: пандемияға қарамастан, өткен жылы 15 пайыздан өсті. Бұл көрсеткіш қиын-қыстау кезеңде де ынтымақтасатығымыздың табысты болғанын айқын көрсетеді.

    Кездесуде Мемлекет басшысы Ресей Президентіне шақырғаны және жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтты.

    – Соңғы жылдары біздің қарым-қатынастарымыз бұрын-соңды болмаған үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін ерекше атап өткім келеді. Өзіңіз айтқандай, сауда өсу үстінде: соңғы тоғыз айда 5 миллиард, жыл соңында 7 миллиардты құрады. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды біздің қарым-қатынасымызда болмаған.

    Премьер-министрлер басшылығындағы Үкіметаралық комиссия өте қызу жұмыс істеп жатыр – Сіз оны қолдап, елеулі нәтижелерге қол жеткізуде. Сапар алдында өте маңызды жұмыстар атқарылды. Үш ірі іс-шара өткізілді: аймақтық, білім беру және медиа форум.

    Соның нәтижесінде бүгінде 14 миллиард долларды құрайтын жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, өңіраралық форум аясында. Біз Сіздермен осы форумды үш жыл бұрын бастағанда мұндай шаралар болған жоқ. Нәтижесі тамаша: өңірлер бас қосып, ынтымақтастығымызға үлкен серпін беруде.

    Бүгінгі кездесу өңіраралық қарым-қатынастарды, екіжақты ынтымақтастықты, қауіпсіздік мәселелерін, Ауғанстан мәселелерін талқылауға жақсы мүмкіндік, – деді Мемлекет басшысы.

    Сауда көлемі 2020 жылы 5,6 миллиард доллардан асса, осы жылдың алғашқы 10 айында бұл көрсеткіш 6 миллиард долларға, жыл соңына дейін 7 миллиард долларға жетеді деп күтілуде.

    Соңғы 4 жылда Өзбекстандағы ресейлік капиталдың қатысуымен кәсіпорындар саны екі есеге артып, 3 мыңға жуықтады.

    Шавкат Мирзияев экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін үлкен әлеует бар екенін атап өтті. Осыған байланысты басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

    Мемлекет басшылары келіссөздер барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге де назар аударды.

    Осы жылдың мамыр айында Бұхарада ректорлар конференциясы, 16-17 қарашада Мәскеуде Екінші білім форумы өткені сөз болды. Форум соңында әріптестіктің жаңа бағыттары бойынша 35-тен астам келісімге қол қойылды.

    Бүгінде Өзбекстанда ресейлік жоғары оқу орындарының шетелдік филиалдарының ең көбі өз қызметін жолға қойған. Қазірде оның 15-і болса, оның 12-сі соңғы төрт жылда ашылған.

    Денсаулық сақтау саласында да тығыз ынтымақтастық жолға қойылған. Ресейлік әріптестердің қолдауымен Өзбекстанда Спутник V вакцинасының өндірісі жолға қойылды. Ташкентте Пирогов атындағы Ресей ұлттық ғылыми-зерттеу медицина университетінің филиалы ашылды.

    Президенттер өңірлік және халықаралық маңызы бар мәселелерге тоқталды.

    Екі елдің сыртқы істер және қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты консультацияларды жалғастыру маңызды екені атап өтілді. Тараптар аймақтық қауіпсіздік мәселелері мен Ауғанстандағы жағдай бойынша пікір алмасты.

    Ресей тарапы Өзбекстанның Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісін ілгерілетудегі маңызды күш-жігерін қолдады.

    Мемлекет басшылары БҰҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

    Шынайы және достық рухында өткен келіссөздер соңында тараптар Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бейілді екендіктерін қуаттады.

    Келіссөздердің қорытындысы бойынша Президенттер халықаралық ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы Бірлескен мәлімдемені қабылдады. Сапар барысында барлығы 18 екіжақты құжатқа қол қойылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates