Өзбекстан СІМ басшысы Еуропа Одағы мемлекеттерінің Өзбекстандағы елшілерімен кездесті

    Өзбекстанның сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесті.

    Кездесуде Еуропа тарапына Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар, елдің негізгі заңдылықтарына ұсынылып отырған өзгерістердің мән-мазмұны туралы толық ақпарат берілді.

    Өзбекстан мен Еуропа Одағы арасындағы ынтымақтастық кең ауқымды, өзара тиімді бағыттар бойынша дәйекті дамып келе жатқаны атап өтілді. Тараптар жақында Өзбекстан Республикасы мен Еуропа Одағы арасындағы Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімінің жақында қол қойылғанын құптады.

    Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Өзбекстан-Еуропа ынтымақтастығын кеңейту болашақтары талқыланды. Еуропа тарапы өзара сауданы диверсификацияауға, сондай-ақ, Өзбекстанда кәсіби білім беру саласын дамытуға көмектесуге дайын екенін білдірді.

    2022 жылдың ноябрь айында Самарқант қаласында «Еуропа Одағы – Орталық Азия» түріндегі өзара байланыстылық мәселелеріне арналған министрлердің конференциясы мен сыртқы істер мекемелері басшыларының кездесуін нәтижелі өткізудің маңыздылығы тілге тиек етілді.

    Еуропа тарапы 2022 жылдың екінші жартысында Чехияның Еуропа Одағы Кеңесіне төрағалығының үстем бағыттарын ұсынды, онда Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастарды дамытуға да ерекше көңіл бөлінген, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates