Өзбекстан Сыртқы істер министрі «ШЫҰ: өткені, бүгіні, болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты

    2022 жылғы 29 июньде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов бейнеконференцбайланыс түрінде ШЫҰ Хартиясы қабылдануының 20 жылдығына арналған және “Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімшартқа” қол қойылғанының 15 жылдығына байланысты “ШЫҰ: өткені, бүгіні, болашағы” тақырыбына ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты.

    Шараға сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ ААҚҚ Атқарушы комитетінің директоры Рустам Мирзаев, Пекиндегі дипломатиялық миссиялардың басшылары, жетекші ғылыми-талдау мекемелерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

    В.Норов өз сөзінде ШЫҰ Жарғысы жинақталған “Шанхай рухына” орай уақыт сынағынан өтіп, өзінің бірлестіретін күшін көрсеткенін атап өтті.

    Құжатта әр елдің тарихи тәжірибесі мен ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму жолын өзі таңдау құқының бекітілгені және бірін-бірі дамыту мен толықтыруға өзара мүдделілік нормасын күшейткенін тілге тиек етті.

    Жарғыда бекітілген консенсус негізінде қаулылар қабылдау моделі Ұйымның барлық мүшелерінің теңдігін көрсететіні баса айтылды.

    Шараға қатысушыларға ұйымға төрағалық аясында Өзбекстан тарапынан Жарғыда белгіленген мақсат және қағидаттарын ілгерілету, ШЫҰ қызметінің барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты жандандыру, халықаралық аренада ұйымның беделін арттыру бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates