«O‘zbekiston temir yo‘llari» АҚ-ның Facebook-тағы парақшасында хабарланғандай, келiсiмге сәйкес «Согдиана транс» екі жыл барысында осы аумақта өз қызметін жалғастырады.
Сонымен қатар, тараптар бірге Мазари Шариф станциясына жүктерді жеткізуді жеделдету жөнінде келісті және «Ауғанстан теміржолы» басқармасының жергілікті мамандарын даярлауға баса назар аударды.
Хабарлауынша, 10-11 февраль күндері Ауғанстанға 714 жүк вагоны жеткізілген. Жүктерді жеткізу жалғасуда.