Шавкат Мирзиёев пен Дональд Трамппен кездесу өткізді

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 6 қараша күні Вашингтон қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Ақ үйде Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен кездесті.

    Мемлекет басшысы алдымен Ақ үйдің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

    Одан кейін Овал кеңседе екі ел басшылары келіссөздер өткізді. Кездесуде Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі дамыту, саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

    Биыл қыркүйек айында Нью-Йорк қаласында жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

    Әлемдік және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер, соның ішінде «С5+1» форматы аясында Орталық Азия мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты тереңдету бағыттары жөнінде пікір алмасты.

    Мемлекет басшысы Дональд Трампты ішкі және сыртқы саясаттағы жоғары жетістіктерімен шынайы құттықтап, оның халықаралық және өңірлік жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге қосып келе жатқан жеке үлесін және күш-жігерін ерекше атап өтті.

    Дональд Трамп осы күндері Өзбекстан басшысының АҚШ үкіметінің өкілдерімен, ірі компаниялар және қаржы институттары басшыларымен тиімді кездесулер мен келіссөздер өткізгенін құптады.

    Мемлекет басшылары бірлескен жобаларды ілгерілетудің институционалдық тетіктерін құру және жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.

    Кездесу соңында Мемлекет басшысы АҚШ Президентін өзіне ыңғайлы уақытта Өзбекстанға ресми сапармен келуге шақырды.