Өзбекстан мен БАӘ арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

    Инвестициялар 30 Avgust 2022 2163

    Үстіміздегі жылдың 29 авгусында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев бейнеконференцбайланыс арқылы Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Мухаммад ал-Мазруимен келіссөздер жүргізді.

    Келіссөздер барысында екі ел арасындағы инвестициялық қарым-қатынастардың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ стратегиялық серіктестік пен біріккен жобаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттары бойынша өзара ынтымақтастықтың іс жүзіндік жақтары талқыланды.

    Тараптар сауда-экономикалық саладағы, сондай-ақ дәстүрлі және баламалы энергетика, логистика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастықты ризашылықпен атап өтті.

    Келіссөздер барысында инвестиция саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту болашақтары талқыланды. Атап өткендей, бүгінгі таңда бірлескен инвестициялық портфель жалпы құны шамамен 3 миллиард долларды құрайтын 17 жобадан тұрады.

    Жарияланған капиталы 1 миллиард долларды құрайтын Өзбекстан-БАӘ біріккен инвестициялық компания қызметінің нәтижелері жоғары бағаланды. Компания бүгінге дейін 100 миллион доллардан астам қаржыны игерді. Сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірліктерінің Мубадала мен Така компаниялары тарапынан Талимаржон ЖЭС-тің қолданыстағы блоктарын жекешелендіру және негізгі жаңа энергия блоктарын құру жобасын жүзеге асыру маңыздылығы айтылды. Осыған орай Ташкент қаласында құқықтық келісімдерге қол қоюға дайындық жасау мерзімдері талқыланды.

    Келіссөздер соңында Өзбекстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында сындарлы пікір алмасуды жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates