Өзбекстан мен Бангладеш арасында саяхатшылар ағыны артады

    Туризм 21 Oktabr 2022 1050

    Үстіміздегі жылдың 19 октябрінде Өзбекстан Республикасы Туризм және мәдени мұра министрінің орынбасары Бахтиёр Ибрагимов пен Бангладештің «Best Sourcing» компаниясының басшысы Мехди Махбуб арасында кездесу өтті.

    Бұл кездесудің басты мақсаты – Өзбекстанның туристік әлеуетін Бангладеште кеңінен насихаттау, туризм саласының өкілдерін жақыннан таныстыру, бангладештік туристер ағынын елімізге бағыттау. Сонымен қатар, М. Махбубтың жүргізіп жатқан Орталық қызметін Өзбекстан тарапынан қолдап-қуатталуының дәлелі ретінде оған Туризм және мәдени мұра министрлігінің Бангладештегі ресми өкілі мәртебесін беру еді.

    Кездесу аясында, Б. Ибрагимов М. Махбубқа соңғы жылдары Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың елімізде зиярат туризмі үшін үлкен мүмкіндіктер жасағаны, соның ішінде жаңа туристік нысандары, демалыс орталықтары, гастрономия және «зиярат туризмі» бағыты бойынша жоғары әлеуетке ие екені туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, хадис ғылым ғалымдарының ұстазы Мухаммад әл-Бұхари мен Нақшбандия ілімінің көптеген жетік ізбасарлары дәл осы жерден шыққаны туралы айтылды.

    Өз кезегінде, М. Махбуб Өзбекстан халқының қонақжай екенін, туризм саласындағы әлеуеті зор екенін ескеріп, бұл бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және дамыту жөнінде өз ойларын білдірді.

    Сонымен бірге, осы кездесу барысында М. Махбуб мемлекетіміздің туристік әлеуетін Бангладеш телеарналарында кеңінен насихаттайтын «Рамазан» бағдарламасы жобасын жүзеге асыру, Өзбекстан мен Бангладеш мемлекеттері арасында әуе рейстерін жолға қою, Бангладеш саяхатшылары үшін Өзбекстан бойлап туристік маршруттар жасау, Орталықтың қызметін дамыту жолында насихат шараларын ұйымдастыру сияқты мәселелер туралы өз ұсыныстарын мәлімдеді, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates