Өзбекстан мен Белорусь ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты дамыту ниетінде

    Агросектор 26 Avgust 2022 3259

    Минск қаласында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев Белорусь ауыо шаруашылығы және азық-түлік министрі Игор Бриломен кездесу өткізді.

    Сұхбат барысында азық-түлік өнімдерін өзара жеткізу, біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    Жоғары сұранысқа иа өнімдердің жылдық біріккен балансын қалыптастыру үдерісі талданды. Соның нәтижелеріне сәйкес, форвард және фючерс келісімшарттары негізінде картоп, дән және майлы егіндер, жеміс-көкөніс өнімдерін жүйелі түрде өзара жеткізіп беруді арттыруға келісілді.

    Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізіп беруді жолға қою мақсатында сенімді экспорттаушы және импорттаушы кәсіпорындар тізімін жасауға, сондай-ақ сұранысқа ие азық-түлік өнімдерін өзара жеткізіп берудің ұйымдастырушылық, қаржылық және сақтандыру механизмдерін негізге алатын «Жол картасын» қабылдауға келісіп алды.

    Ташкент облысы, Жаңажол ауданында «Гомелагропромпроект» компаниясымен біргелікте ет-сүт кешенін ұйымдастырудың біріккен жобасын жүзеге асыру болашақтары талқыланды. Жобаны жүзеге асыру үдерісін, атап айтқанда, Белорусь инвестиция құрылымдары қаржыларын жұмылдыру есебінен жандандыру бойынша келісімге келісімге қол жеткізілді.

    Тараптар, сонымен қатар екі елдің ғылыми-практикалық орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы өсімдіктану, тұқым шаруашылығы және ветеринария саласында ынтымақтастықты жолға қоюды қолдап-қуаттауға өзара дайын екенін растады.

    Кездесу соңында тараптар талқылаған ынтымақтастық бағыттары шеңберінде өзара ынтымақтастықты жандандыруға беріктігін білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates